Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1858]
KAZALINSK-story [37]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [37]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [5]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР

5 мектеп, 6 үй және «Әлсеиіт» көпірі - әкім жылды қорытындылады
      



[ӘЙТЕКЕ БИ. 3 қантар. KAZALINSK.kz] - Қазалы ауданында 2017 жылды қорытындылауға арналған салтанатты шара өтті. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жыл көлемінде атқарылған істерде әрбір қазалылықтың еңбегі бар екендігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды KAZALINSK.kz.

БІЗДІ FACEBOOK ЖӘНЕ ВКОНТАКТЕ ЖЕЛІРЕРІНДЕ ОҚЫҢЫЗДАР!

Биыл Қазалы ауданында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 10,4 млрд теңгені құрап, 6,1 пайызға артқан. Өнім көлемінің еселеп артуы жергілікті бюджетке салық түсімінің ұлғаюына оң әсерін тигізді.

Кәсіпкерлер қатары да көбейіп келеді. Бүгінде аудандағы 4 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 9 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Алдағы жылы бірнеше инвестициялық жоба іске аспақ.

«РЗА» АҚ ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының 2-ші кезеңін қосу арқылы мал басын 1200 басқа ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ал «Сыр Маржаны» ЖШС «Ет консервісін өндіру және шұжық шығару цехы» жобасын жүзеге асыру мақсатында Иран Ислам Республикасымен келісімдер жасауда.

Бизнеске қолайлы жағдай туғызу мақсатында ашылған «Өндірістік аймақта» құны 400 млн. теңгеге жуық тағы жаңа 9 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның 4-і толық іске қосылды.

Бірнеше мемлекеттердің арасын жалғайтын Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралінің аудан аумағынан 96 шақырым бөлігі өтетінін ескерсек, Қазалының экономикалық дамуына ғасыр жобасының қосар үлесі ерекше екені белгілі. Көлік дәлізі бойынан 2 нысан іске қосылып, тағы 3 жоба бойынша жұмыстар жүруде. Ауылшаруашылығы саласының да биыл мерейі үстем болды. 9,3 млрд теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндіріліп, 135 млн теңгенің инвестициясы салынды.

Ауданда құрылыс та қарқынды дамуда. Биылдың өзінде 4 млрд-тан астам қаржы құрылыс саласында игерілді. 5 мектеп, 1 ауылдық клуб пайдалануға берілсе, 1 спорт кешені, 1 мектеп салынуда. Келер жылы Әйтеке би кентінен 600 орындық мәдениет үйі мен 18 пәтерлік 6 көп қабатты тұрғын үй құрылысы басталады.  Алдағы жылы 6 млрд. теңгеге жуық қаржыны құрайтын автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары қаржыландыруға ұсынылған. Ал оң шешімін тапқан «Әлсейіт» өткеліндегі темірбетон көпірі келер жылы іске қосылады.

Ауданда апатты мектептер мәселесі толық шешілді. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 пайызға орындалды. 

Тұрғындардың денсаулығын жақсарту да басты назарымызда. Жақында заманауи медициналық құралдармен жабдықталған 150 орындық аурухана іске қосылатын болады. Енді жаңа аурухана жанынан 250 орындық аудандық емхана салу жоспарлануда.

Салтанатты кеште жылдың нәтижелі болуына үлес қосқан «Жыл үздіктері» түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru
Категория: НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР | Добавил: Neworld-kz (03.01.2018) E
Просмотров: 76 | Теги: ҚОҒАМ ЖӘНЕ ӨМІР | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2018-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.