Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1814]
KAZALINSK-story [36]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [35]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [5]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазалыда егіс көлемі ұлғаяды
      



[ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ. 3 сәуір. KAZALINSK.kz] - Қазалы ауданында егіс басындағы дала жұмыстары жедел қолға алынды, деп «Қазалы» газетіне сілтеме жасап, KAZALINSK.kz хабарлайды. 

ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru

Инженерлік жүйеде әзірленген суармалы жерде кезектестірудің 2015-2022 жылдар аралығындағы бірыңғай сызбасы басшылыққа алынып, үсті­міздегі жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру 17340 гектарға межеленіп отыр. Оның ішінде дәнді дақылдар 7260, мал азығындық дақылдар 7360, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2250, майлы дақылдар 470 гектарды құрайды.

БІЗДІ FACEBOOKВКОНТАКТЕ ЖӘНЕ TWITTER ЖЕЛІРЕРІНДЕ ОҚЫҢЫЗДАР!

Ал, басты дақыл саналатын күріш егісінің көлемі 6800 гек­тарға жеткізіледі. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абай Рыстығұлдың айтуынша, орналастыруды әзірлеу барысында әртараптандыру бағытындағы дақылдардың егіс көле­мін ұлғайтуға ерекше мән берілген. Осының нәтижесінде майлы дақылдар 360, мал азығындық дақылдар 12 гектарға ұлғайып, бақшалық алқапты өндірістік негізде өсіруді 400 гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.

2017 жылдың егісі үшін 3175 тонна күріш, 102 тонна жаздық бидай, 28,2 тонна жоңышқа және 27 тонна мақсары тұқымы дайындалды. Сол дәндік тұқымның 2235 тоннасы бірінші, 450 тоннасы екінші, 210 тоннасы үшінші, 280 тоннасы төртінші репродукциялы. Қазіргі таңда «Казагрэкс» АҚ тұқым сараптау зертханасы мамандары арқылы дақыл тұқымдарын себу дәрежесіне жеткізуге айрықша мән беріліп, қатаң бақылануда.



Бұдан басқа, сүрлемдік жүгері дақылдарына қажетті 18 тонна (оның ішінде франциядан обелин 6250 кг, сигента 3750 кг) тұқымын сатып алуға байланысты тиісті жерлермен алдын ала келісімдер жүргізілді. Қалған тұқымдар шаруашылықтардың өздерінде дайын. Сонымен бірге, өткен күзде алдағы жылдың егісіне арналған 5105 гектар сүдігер көтеріліп, 150 гектар жер суғарылып, 7 мың гектар  шабындық пен жайылымдық суландырылды.

Аудан бойынша осы жылдың егісіне 4221 тонна минералды тыңайтқыш (оның ішінде 970 тн аммо­ний сульфаты, 1777 тн карбамид, 100 тн аммиак селитрасы және 1250 тн аммо­фос, 64 тн байытылған суперфосфат, 60 тн фосфорит ұны) және күріш арамшөптеріне қарсы қолданылатын 5175 литр гербицид қажет. Аталған минералдық тыңайтқыштар қорын мерзімінде жасау үшін бүгінгі күнге дейін жеткізушілермен («Сыр Маржаны» ЖШС, «Рза-Агро» ЖШС, «Абзал и К» ЖШС-і) алдын ала келісім-шарт жасалды.

Қандай шаруаның да дер кезінде бітуінде – техника шешуші күш атқарады. Сондықтан көктемгі дала жұмыстарына 204 трактор, 55 соқа, 30 тұқым сепкіш, 49 автомашина және 80 трактор тіркемесі қатыстырылады. Бүгінгі күнге дейін олардың барлығы дерлік жөндеуден өтіп, дайындық  сапына қойылды.

Техникаларға қажетті арзанда­тыл­ған 1405 тонна (наурызға 350 тн, сәуірге 485 тн, мамырға 570 тн) дизель отыны бөлініп, жеткізіп беруші оператор «Нефтьтранс-Қызылорда» ЖШС болып белгіленді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын вегетациялық кезеңде тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін 411,36 млн текше метр және экологиялық қажеттілікке 270,0 млн текше метр барлығы 681, 36 млн текше метр суармалы су лимитіне келісім алынды. Ішкі шаруашылық каналдарында 9 000 метр су жолдары тазартылып, 3 дана су реттегіш және 9 су айдағыш қондырғылары жөндеуден өткізілді.

Бұл күндері барлық шаруашылық құрылымдары егістікке аттаныс жасап, аудан көлеміндегі ертемен қолға алынатын 3573 гектар ескі жоңышқаға күтім жасап, 2087 гектар жаңа жоңышқа мен 440 гектар бидайды егу жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Материалдарды қолдану кезінде міндетті түрде KAZALINSK.kz сайтына гиперссылка болу керек.
Категория: НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР | Добавил: Neworld-kz (03.04.2017) E
Просмотров: 241 | Теги: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ - | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2017-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.