Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1814]
KAZALINSK-story [36]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [35]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [5]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазалыда ерешке сайыс өткізілді
      



[ӘЙТЕКЕ БИ. 27 наурыз. KAZALINSK.kz] - Қашанда төл өнерін ұлық тұтатын Қазалыда ерекше сайыс өткізілді. Бұл туралы «Халық» газетінің тілшісіне сілтеме жасап, KAZALINSK.kz хабарлайды.

ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru

Ұлттық қолөнеріміздің көркемдік ерекшелігінің негізі болып саналатын ежелгі салт-дәстүріміздің бірегейі - киіз басу екені баршаға аян. Аттың жалы, түйенің қомында шыңдалған ата-бабамыз киізден тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдар жасаумен қатар оған оюлап, өрнек салып, қазақы нақышпен әрлеп, ерекше сәнді көздің жауын алатындай текемет бұйымдарын жасағанын аға буын жақсы біледі. Өкінішке орай қазіргі таңда мұндай текеметтер топтамасы тек мұражайларда ғана сақталуда.

БІЗДІ FACEBOOKВКОНТАКТЕ ЖӘНЕ TWITTER ЖЕЛІРЕРІНДЕ ОҚЫҢЫЗДАР!

Жуырда ұлық өнерімізді жаңғырту мақсатында Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауы, Абай ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Әр үйдің төрінде текемет тұрса...» деген тақырыпта аудандық текеметшілер байқауы өткізілді. Шараға ауданның түкпір-түкпірінен келген ақ жаулықты аналарымыз қатысып, текемет пен тұскиіз басу бойынша сайысқа түсті. 



Мән-мағынасы жоғары байқауға аудандық оқушылар үйінің драма үйірмесінің жетекшісі Ұлжан Ахметова, Абай ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы, мәдениет саласының ардагері Сақыпжамал Жұмағали, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Бекзат Әжімұрат қазылық жасады. Сайысушылар алғашқы бөлімде дайындап алып келген текемет пен тұскиіздерін көрмеге қойып, таныстырып, жасалу жолдарын түсіндірді. Ал екінші бөлімде аяқталмаған істі сол жерде жасап бітірді. Шара барысында Сарыкөл ауылдық округінің әкімі Байназар Ерқосаев құттықтау сөз сөйледі.



Байқау нәтижесінде Сарбұлақ ауылының тұрғыны Күміскүл Рахметова бас жүлде, абайлық Мейрамкүл Көптілеуова І орынды иеленді. Жүлделі екінші орынды бекарыстандық Шынар Қожақова мен Бозкөл ауылынан келген Бейбіт Әбдіраманова еншіледі. Сондай-ақ, үшінші орынды Қожабақы ауылы атынан қатысқан Мәдина Қаржаубаева, кәукейлік Күлзираш Балмасова және Лақалы ауылының тұрғыны Марияш Досжанова өзара бөлісті.

Материалдарды қолдану кезінде міндетті түрде KAZALINSK.kz сайтына гиперссылка болу керек.
Категория: НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР | Добавил: Neworld-kz (27.03.2017) E
Просмотров: 293 | Теги: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДІН | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2017-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.