Қазалыда кафе, қонақ үй, монша және автокөлік жуу бар кешен ашылды
[ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ. 7 қантар. KAZALINSK.kz] - Қазалы ауданында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» күре жолы бойынан «Арзан City» сервистік кешені ашылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, KAZALINSK.kz хабарлайды.
Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Совет Бабанаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жол бойы инфрақұрылымының маңыздылығын атап өтіп, кешен басшысына сәттілік тіледі.
Жеке кәсіпкер Арзан Байсуганова «С» санатындағы жол бойы сервистік кешенін пайдалануға беру арқылы 10 адамды жаңа жұмыспен қамтымақ. Кешенде 120 адамға арналған кафе, 20 орындық қонақ үй, монша, автокөлік жуу орталығы, шағын маркет, техникалық қызмет көрсету орындары бар. Жобаның құны – 75 млн.теңге.
Жалпы, Қазалы ауданы аумағынан 96 шақырымы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан сервистік қызмет көрсету нысандарын салуға 5 учаске белгіленген. Қазіргі таңда екі нысан пайдалануға берілсе, бір нысанның құрылысы жүргізіліп, қалған екеуінің құжаттары әзірленуде.
ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ? ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ! kazalinsk-kz@mail.ru