Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1836]
KAZALINSK-story [36]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [35]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [5]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазалыда үздік жыршылар мен термешілерді анықтады
      



[ӘЙТЕКЕ БИ. 4 наурыз. KAZALINSK.kz] - Әйтеке би кентінде халық ақыны Байназар Өтепұлын есте қалдыру мақсатында «Жырларың ғасырларға ұлассын» аймақтық жас жыршы – термешілер байқауы өтті, деп хабарлайды KAZALINSK.kz

ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru

Байқауды аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев ашып, ақынды өлтірмейтін жыры болса, ақынның мәңгі жасауы жыр қадірін ұғатын ұрпақтың бар екендігін атап өтті.

БІЗДІ TWITTERFACEBOOK ЖӘНЕ ВКОНТАКТЕ ЖЕЛІРЕРІНДЕ ОҚЫҢЫЗДАР!

Байқауға қанатты жырға жыр себелеген ақынның жырына сусындаған, ақын жырын жастана оқып, жырын жаттап өскен Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының 17 жас жыршы – термешілері қатысты. Байқау жас ерекшелігіне қарай 12-17 жас пен 18-32 жас аралығында өтті. 

Жас жыршы – термешілер халық ақыны Байназар Өтепұлының жыр – толғауларын және өз аймағының дәстүрлі жыр мектептерінің шығармаларын орындады. 

Байқау барысында Байназар Өтепұлының «Бақ туралы», «Сүйемін сені сұлу Сыр», «Асыл туған аға едің», «Орындайтын сертті», «Өнерпаздарға», «Адам байқап білмейді, кім екенін өз басы», «Шәй», «Адам жоқ бір қалыпта тұратұғын», «Әлі де халқым мені тербетуде», «Ғани Мұратбаев музейі ашылғанда», «Әркімнің үміті бар жалғыз хақтан», «Еркекөк», «Мінез туралы», «Мейірімжанға» және аймағымыздың жыршы – ақындары Шал ақынның, Тұрмағамбет Ізтілеуұлының, Қосанның, Нұртуғанның, Қашағанның, Жаңабергеннің, Нұрмағамбеттің, Асқар Тоқмағамбетовтің шығармалары насихатталды. Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының мақамдарында жыр төккен ақындар өнерден шөлдеген, ақынын сағынған халықтың көңілінен шықты.



Жыршы – термешілерге Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері Насыр Баекеев, жыршы термешілер Болатбек Рсалиев пен Сандуғаш Бисембаева қазылық жасады. Ақын Байназар Өтепұлы мен Жетіскен Мәкеналының арнауын орындаған Айбек Таңсықбайұлы мен Әлібек Айдаровтың шеберлігіне тәнті болған халық, ақын Байназар Өтепұлын өзін көргендей көздеріне жас алды. Байқауды жүргізген Кенже – Әлі Асқаров байқауға қатысушылардың өнердегі жолын таныстырып отырды.
«Шабатын ат дүбірге шыдамайды» дегендей кеш қонақтары, жыршы – термешілер Кеңес, Еркебұлан, Едіге, Жасталап, Ержігіттер мен Аида Елтай, ең жас жыршы – термеші Елмұра Мәдиқызыда сахна төріне шығып, халықты жырмен сусындатты.



Байқау қорытындысымен 12-17 жас аралығы бойынша бас жүлде Ұлдана Нұртуғанға, бірінші орын Әли Кеңесұлына, екінші орын Фариза Хасеноваға, үшінші орын Бексұлтан Орынбасаровқа берілсе, 18-32 жас аралығында бас жүлде Тұрар Айдосқа, бірінші орын Асылзат Әбілханға, екінші орын Рамазан Рысбекке, үшінші орын Жанболат Өмірзаққа берілді. «Асыл қазына» номинациясымен Динара Шоңбаева, «Жыр жауһары» номинациясымен Батырбек Өтеп және Ақыл Қосуақов, Гүлраушан Нұрымова Жаһангер Алдан, Жұлдызай Сраж, Нұрәділ Қожахмет алғыс хаттармен марапатталды. 

Шарбану Баекеева

Материалдарды қолдану кезінде міндетті түрде KAZALINSK.kz сайтына гиперссылка болу керек.
Категория: НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР | Добавил: Neworld-kz (04.03.2017) E
Просмотров: 349 | Теги: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДІН | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2017-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.