Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1889]
KAZALINSK-story [37]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [38]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [6]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазалылық кәсіпкер қоғамдық көлікпен жолаушыларды тегін тасымалдайды
      


Фотосурет baz.kz сайтынан. (с) Ибраш Али

[ӘЙТЕКЕ БИ. 16 наурыз. KAZALINSK.kz] - Қызылорда облысына қарасты Әйтеке би кентінде кәсіпкер Думан Нұрылла өзінің қоғамдық көлігімен әр жұма сайын жолаушыларды тегін тасымалдайды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтық тілшісі.

БІЗДІ FACEBOOK ЖӘНЕ ВКОНТАКТЕ ЖЕЛІРЕРІНДЕ ОҚЫҢЫЗДАР!

Күн сайын кент ішінде 70 қоғамдық көлік қатынайтын болса, соның біреуі әр жұмада тұрғындарды тегін тасымалдайды. Көлік иесінің айтуынша, бұл жарнама емес, тек сауап үшін жасалған қарекет. 

«Әйтеке би кентінде гүл сататын және балалар киімін сататын дүкенім бар. Кәсіп істеп, табыс тауып отырғаннан кейін халыққа қызмет қылу, қайырымдылық жасау – парыз, сондықтан «Газель» көлігін сатып алып, досым Еламанға тізгіндеуге бердім. Оның үстіне, ол «Газель» жүргізгенді жақсы көреді. Кентішілік бағытқа көлікті қосып қойдық. Сосын екеуміз ақылдаса отырып, әр жұмада халықтан ақы алмауға келістік. Қасиетті жұма күні халыққа осылай қызмет етіп, садақа қылуды жөн көрдік», – дейді Думан Нұрылла. 

Қоғамдық көлік жүргізушісі Еламанмен тілдескенімізде жұма күні өзі де, кассир де ақысыз жұмыс істейтінін айтты. Көліктің маңдайшасына «Бүгін жолақы тегін» деген жазу іліп қоямыз. Әр апта сайын бір күн тұрғындарды ақысыз тасымалдасақ та бұл кәсіп өз-өзін ақтайды. Газбен жүретіндіктен, «Газельдің» шығыны да көп емес. Шүкір, табыс мол түспесе де, жан бағуға жетеді. Сол күні мінген адамдар риза болып, бата беріп, алғыс айтып жатады», – дейді Еламан.


Кәсіпкерге қала тұрғындары алғыс айтуда. «Аялдамаға осы қоғамдық көлік келе қалса, қуанып кетемін, әсіресе жұма күні. Ол күні бізден жолақы алмайды. Рахметімізді олар ақы деп қабылдайды. «Көп тілегі – көл» деген, бұдан кәсіпкердің көсегесі көгермесе, жаман болмайды», – дейді осы қоғамдық көліктен түскен жолаушылардың бірі Әзима Тасыбайқызы.

ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru
Категория: НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР | Добавил: Neworld-kz (16.03.2018) E
Просмотров: 72 | Теги: БИЗНЕС ЖӘНЕ САУДА | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2018-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.