Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1814]
KAZALINSK-story [36]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [35]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [5]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазалылық оқушы жинамалы көпір ойлап тапты
      



[ӘЙТЕКЕ БИ. 28 наурыз. KAZALINSK.kz] - Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 9 «а» сынып оқушысы Серік Ержігіт жиналмалы, құрастырмалы көпір ойлап тапты. Бұл туралы «Қазалы» газетінің тілшісіне сілтеме жасап, KAZALINSK.kz хабарлайды. 

ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru

Өнертапқыштың ойынша, бұл көпір дәрияның арғы бетіндегі ағайындар үшін таптырмас дүние.

БІЗДІ FACEBOOKВКОНТАКТЕ ЖӘНЕ TWITTER ЖЕЛІРЕРІНДЕ ОҚЫҢЫЗДАР!

Иә, күн суытып, аяз қысса, ауданымыздағы Сырдария өзенінің арғы бетінде тұратын тұрғындар Басықара ауылы арқылы айналып, әбігерге түсетін. Себебі, «Қарлаң», Әлсейіт өткелі мен Абай ауылының тұсындағы қалқымалы көпірлер өзенге мұз қатып, сең жүрсе алынып тасталатын. Осыны ескерген қазалылық өнертапқыш жиналмалы, құрастырмалы көпір ойлап табуды қолға алады.



Аудандық оқушылар үйінің «Электротехника» үйірмесіне қатысатын Серік өз ойын жетілдіріп, үйірме жетекшісі Қайрат Оразовқа жеткізеді. Шәкіртінің халықтың игілігіне жарайтын идеясына қолдау білдірген ұстазы өзінің ақыл-кеңесін аямайды.

Құрастырмалы-жиналмалы көпір екі бөліктен тұрады. Темірден құрастырылатын көпір өзеннің екі бетіне орналастырылады. Пульт арқылы басқарылатын ол қауіпті жағдай туындағанда жиналады. Қазіргі қалқымалы көпірлерден басты айырмашылығы осында. Абыржының кезінде көпірді жинап, көк бейнетке қалмайды.

Көпірдің ұзындығы қажетіне қарай 40-50 метрге дейін жетсе, ені екі автокөлік қиналмай жүретіндей. Үстінен 10 тонналық төрт машина өтсе де мыңқ етпейді. Яғни, қазіргідей көліктен жолаушыларды түсіріп, болмаса салмағы белгілі бір мөлшерден асқан көліктерді өткізбейміз деп байбалам салмайды.

Көпірдің құрылысына қажетті материалдардың барлығы да ауданымыздан табылады. Тағы бір ерекшелігі, көпірге ешқандай электр бағандарын тартып, әуре болмайсыз. Қасындағы қосымша вагон қажетті электр энергиясын күн көзінен алады.



Сондай-ақ, бұл көпір қаржылық жағынан да өте тиімді. Қолға алам деуші кәсіпкерлер табылса, бір жыл ішінде бар-жоғы 40-50 млн теңгеге орната алады. Көпірдің құрылысына кеткен шығынды 5 жылдың көлемінде қайтарып алуға мүмкіндік бар. Ол үшін бар-жоғы жеңіл автокөлікке 100 теңге, ауыр көліктерге 150 теңге алса жетіп жатыр.

Расында, кәсіпкер азаматтар жас өнертапқыштың ойлап тапқан көпірін іске асырса, көп мәселе шешілген болар еді. Көп қаржы жұмсалмай-ақ, бүкіл бір өңірдің тұрғындарына қажетті көпір салынады.

Материалдарды қолдану кезінде міндетті түрде KAZALINSK.kz сайтына гиперссылка болу керек.
Категория: НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР | Добавил: Neworld-kz (28.03.2017) E
Просмотров: 270 | Теги: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДІН | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2017-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.