Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1889]
KAZALINSK-story [37]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [38]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [6]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазалының жолдарын жөндеу үшін жарты миллиард тенге кетті
      



[ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ. 8 желтоқсан. KAZALINSK.kz] - Биыл Қызылорда облысының Қазалы ауданында 560 млн теңгеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап, KAZALINSK.kz хабарлайды.

Келер жылы жалпы құны 5 млрд 643 млн теңгеге ұзындығы 141 шақырым болатын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары мен елді мекен ішілік көшелер орташа және күрделі жөндеуден өтпек.  Атап айтсақ, «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей», «Өркендеу» елді мекеніне кіре беріс-Жанкент, «Қожабақы-Бекарыстан би», «Басықара-Абай-Өркендеу» аудандық маңыздағы автомобиль жолдары мен Әйтеке би кентінің 68 шақырым болатын 55 көшесін жөндеу жұмыстары. Бұл бағыттарда облыстық бюджеттен 16,8 млн теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр.

Осы автомобиль жолдары бойындағы көпірлерді жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Көптен бері өңірде шешімін күтіп келген маңызды мәселелердің бірі көпір мәселесі оң шешімін тапты.

Сонымен бірге, «Әлсейіт» өткеліндегі темірбетон көпірінің құрылысы басталды. Көпірдің жалпы сметалық құны - 2 млрд 791,346 млн теңге. Биыл оның құрылысын бастауға республикалық, облыстық бюджеттерден 550 млн теңге бөлінді. Дарияның арғы бетіндегі 15 мың халық келер жылдан бастап төте жол арқылы аудан орталығына қатынайтын болады.

Сондай-ақ, жақында ғана «Бозкөл-Тасарық» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 22 шақырымындағы темір-бетон көпірінің құрылысы аяқталды.

Ал «Қожабақы-Бекарыстан би» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 25 шақырымындағы темірбетон көпірін қайта жаңғырту мәселесі де көп ұзамай шешілетін болады.

ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru
Категория: НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР | Добавил: Neworld-kz (08.12.2017) E
Просмотров: 137 | Теги: ТРАНСПОРТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2018-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.