Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1889]
KAZALINSK-story [37]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [38]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [6]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР

Байқоңырды жалға беруден Қазақстан қанша ақша тапты
      



[БАЙҚОҢЫР. 30 қантар. KAZALINSK.kz] - «Байқоңыр» кешені жалға берілгелі Қазақстан бюджетінің кіріс бөлігіне 2,645 миллиард АҚШ доллары түсті.

БІЗДІ FACEBOOK ЖӘНЕ ВКОНТАКТЕ ЖЕЛІРЕРІНДЕ ОҚЫҢЫЗДАР!

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің «Халық коммунистері» фракциясының депутаттық сауалына берген жауабында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Сауалда депутаттар Ақай мен Төретам қалаларының даму келешегіне, сонымен қатар қазақстандық және ресейлік азаматтардың еңбекақы шарттарының теңқұқықтылығына алаңдаушылық білдірді.

Ақай мен Төретам қалаларының дамуына қатысты Премьер-Министр аталмыш шаһарларда әлеуметтік нысандар мен жолдар, су жүйелері жөнделіп, жаңадан салынатынын хабарлады. Сонымен қатар, Қармақшы ауданында «Байқоңыр» ойын-сауық, туристік аумағын құру бойынша жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұл жоба келешекте мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашады деп күтілуде.

Үкімет басшысы теңқұқықты еңбек шарттары туралы жауап бере келе, Байқоңырдың 1995 жылғы мәртебесі туралы келісімді еске салды. Оған сәйкес, қала тұрғындарын саяси нанымына, нәсіл мен ұлтына, әлеуметтік шығу тегі, жынысы, әлеуметтік және мүліктік хал-жағдайына, тілі мен дініне қатысты шектеу қоюға жол берілмейді.

Ал екі елдің 2004 жылғы бекітілген келісімі бойынша, қазақстандық және ресейлік мамандар, ұйымдар «Байқоңыр» айлағындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда тең шарттар негізінде қатысады. Бұған қоса ресейлік тараппен қаржыландырылатын мекемелерде еңбек ететін Байқоңыр қаласының тұрғыны азаматтығына қарамастан Ресейдің заңнамасына сәйкес айлық алады. Қазақстан азаматтары жіберілмейтін, Ресейдің мемлекеттік құпияларымен байланысты жұмыс түрлерінде ғана өзгешелік бар.

«Қазақстан азаматтарының «Байқоңыр» кешенінде еңбек құқықтарына шектеу қою жағдайы байқалмайды (...) Сонымен бірге, «Байқоңыр» кешенінде мүдделердің заңдылығы мен құқығын қорғау үшін сол қалада тұратын Қазақстан азаматтарының өтінімдерімен айналысатын ҚР Президентінің арнайы өкілі жұмыс істейді», - делінген жауапта.

ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru
Категория: НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР | Добавил: Neworld-kz (30.01.2018) E
Просмотров: 549 | Теги: КОСМОС -, ҚОҒАМ ЖӘНЕ ӨМІР | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2018-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.