Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1814]
KAZALINSK-story [36]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [35]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [5]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » KAZALINSK-story

Қазалыдағы малға тейіспейтін қасқыр
      


Фото fotostrana.ru сайтынан


[ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ. 8 шілде. KAZALINSK.kz] - 1999 жылдың көктемгі шаруалары қыза бастаған мезгіл. Нарықтық реформаның қос бүйірден қысқан талабына сай аудандағы кәсіпорындар көптеп қысқарып, іске жарайтындар бөтен облыстардан жұмыс іздеп кете бастады. 


ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru

Біз қарап отырмайық деп, «РЗА» мекемесінің басшысы С.Имандосовқа өтініш айттық. Бір топ жігіт болып бақша егуге келісіп, кірісіп кеттік.


БІЗДІ FACEBOOKВКОНТАКТЕ ЖӘНЕ TWITTER ЖЕЛІРЕРІНДЕ ОҚЫҢЫЗДАР!


Бақша егістігі Арал ауданының Ақбай учаскесінде. Алтай арығына су тартатын құрал орнатып, жерді өңдедік. Қалаған дақылдарымызды егуді бастауға кірістік.


Бірде насосымыз бұзылып, Ақбай ауы­лына баратын болдық. Сәуір айының бас кезі. Ерте тұрып, «Беларус» тракторымен жолға шықтық. Бақшалықтан көп ұзамай жолдың оң қапталында төбенің басындағы тұсаулы аттың қасында, қасқырдың шоқиып отырғанын көрдік. Үсті-басындағы ақшулан жүні түспеген екен. Біз көп кідірмей өз бағытымызға кете бардық.


Сынған бөлшекті жөндеп, бақшалық жерімізге қайта оралдық. Бағанағы қасқыр тұсаулы атты жеп болған шығар деп ойладық. Тракторды тоқтатып, төбенің басына шығып, жан-жағымызға қараған болдық.


Аттың да, қасқырдың да із­де­рі сайрап жатыр. Сонадай жердегі Алтай каналындағы су қондырғысының қарауылы Уәйіс ақсақалдың үйіне бардық. Жасы үлкен кісімен аман-есендік сұрасып болғасын, бақша егіп жатқанымызды айттық. Мана ертемен төбенің басындағы ат пен қасқырдың тұрғанын біраз әңгімеледік.


Сонда Уәкең күлімсіреп:


– Сендерге ол қасқырдың жағдайын айтайын. Сендер көрген төбенің ылдиында үлкен шұқыр бар. Ол жыл сайын сонда келіп күшіктейді, бөлтіріктерін ойнатады. Біз оған тимейміз, ол біздің малымызға көз салмайды. Жазы-қысы елу шақты қой-ешкі, он бестен астам сиыр өзі келіп, өзі кетіп жатады. Дәусемен, түлкі, борсық сияқты аңдарды қысы-жазы бұл маңайға жолатпайды. Егер күшігіне зиянымызды тигізсек тұрғындардың малын түбінен құртқан болар еді. Міне, шырақтарым, бұл қасқырдың осындай қасиеті бар, – деп көкейіндегі сырды ортаға салды.


Өтепберген ҚАЛАСОВ

«Қазалы» газеті

Категория: KAZALINSK-story | Добавил: Neworld-kz (08.07.2017) E
Просмотров: 156 | Теги: ҚОҒАМ ЖӘНЕ ӨМІР | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2017-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.