Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1799]
KAZALINSK-story [36]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [35]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [5]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » KAZALINSK-story

Сарыбұлағыма апарып, қарашаңырағымнан шыға­рыңдар
      


Фотосуреттің авторы: Николай Постников, (с) moya-planeta.ru

Көрнекті фото. Мақаладағы кейіпкерлерге қатысы жоқ


[ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ. 9 шілде. KAZALINSK.kz] - Біздің үйдің қарсы алдында тұратын Күміс кемпірдің қайратына таң қалатынмын. Шалы ертеректе қайтыс болғандықтан шиттей бала-шағаны асырау өз мойнына түскені көз алдымызда өтті. Азаннан кешке дейін тырбанып жүріп тірлік жасайтын ол маған бір сәтте тыным таппайтындай көрінетін. 


ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru

Таң алакеуімнен тұрып қора жағын түртінектеп жүргені. Енді бір қарасаң бір шөмеле шөпті арқалап келе жатады. Арқалап келе жатады деген жай сөз, бірде таудай үйілген жусан, бірде жантақ, бірде жыңғыл дегендей өзінен-өзі жылжып келе жатқан шөмеле көрсең Күміс кемпір келе жатыр дей бер. Жолды қалай тауып, жерді қалай көріп келе жатқанына қайран қаласың. Қораның қабырғасына келіп тірелгенде ғана тау шөмеле тоқтайды. Қарап тұрып, бала болсам да менің иығымнан да үлкен жүк түскендей сезінетінмін. Мал айдап бара жатса да, бұлақ басынан келе жатса да жерде жатқан титтей қиқымды көтеретін Күміс кемпірдің қорасының маңы тап-тұйнақтай таза болатын. Басына ораған ақ орамалына дейін ақ шаңқан киіз үйді елестетін Күміс кемпірдің тірлігі ақ адал малы, жапырақ жандары алдындағы маңдай тердің тазалығындай еді.

БІЗДІ FACEBOOKВКОНТАКТЕ ЖӘНЕ TWITTER ЖЕЛІРЕРІНДЕ ОҚЫҢЫЗДАР!

Қора демекші, Есік қорғандары секілді сонадайдан дүңкиіп тұратын Күміс кемпірдің қорасы ауылдағы ең биік қоралардың бірі еді. Оның үстіне әлгі жаяу арқалап әкеліп тасыған жусан мен жантақ сол қораның үстіне жиналғанда, қыстан қысылмай, мал-жанын аман алып шығатын бір адам болса, осы Күміс кемпір екенін мойындайсың. Біздің де әкей ерте кеткен, сондықтан қара шаруа мен қара жұмысты біздің шешей де қопарып істер еді. Бірақ Күміс кемпірдей қимылдай алмайтынын анамның өзі айтып отыратын.




Сол Күміс кемпірдің шалы Жаппасбайды көргеніміз жоқ, бірақ екі қызы мен жалғыз ұлы көз алдымызда өсті. Үлкені Қалдыгүл, менің Күнахмет ағамның құрдасы, сыныптасы. Баланың үлкені болғасын шешесінің бірінші қолғанаты осы Қалдыгүл еді. Бірақ біз оның Қалдыгүл екенін, яғни қыз екенін көрші болсақ та мектеп бітірер кезде ғана білдік. Шешесі де, туыс, көрші-көлем бәрі де оны Қалдаш дейтін. Кішкентайынан ер балаша киініп, ер балалармен ойнады. Төбелессе де сол ер балалармен төбелесіп жататын. Отын жару, мал қарау, шөп жинау сияқты шаруаның бәрін өзі істейтін болғасын ер бала демей, кім дерсің. Мектепке де шалбар киіп баратын оның жүріс-тұрысы ұлға ұқсағанымен ерке болған жоқ. Сабақты жақсы оқыды. Ауылдағы қыздардың ішінен бірінші болып заң оқуына түсті. Қызылорда қаласының, облыстық прокуратураның лауазымды қызметтерінде абыройлы қызмет етті. Менімен бірге тай-құлындай тебісіп бірге өскен інісі Серік те белгілі заңгер, сот саласының білікті маманы атанса, сіңлісі Күлән да сау­да жағының оқуын бітіріп, жақсы қызметтің тізгінін ұстады.


Балаларына осындай өнегелі тәрбие берген Күміс кемпір менің Зейнегүл әжемнің құрбысы еді. Қолдары босай қалса ұршықтарын үйіре отырып, терлеп тепшіп бірге шәй ішетін қос кемпір бала-шағаның қамы, жастардың болашағы жайлы әңгіме қозғайтын. Қызылордаға барып оқуын бітіріп, сол облыс орталығында  заңгер болып жұмыс істеп жүрген Қалдаш анасын көшіріп әкету үшін бірнеше рет келді. Әуелі үйдегі Күләні мен Серігінің әлі кішкентай екенін сылтау қылған Күміс анасы қалаға көшкісі келмей, жүріп алды. Кейін Күләні мен Серігі де ауылдағы мектепті  бітіріп, апаларының ізінен кетті. Кетті дейтін себебім, бірге алып кеткісі келген аналары бірден көне қоймады. Үй-қораны, азғантай малды қарай тұрайын деп, тағы да бірнеше жыл жалғыз тұрды. Көктем шыға бере үйдің алдына тігіп қоятын киіз үйін көзінің қарашығындай сақтады. Көрші-көлем жабылып жүріп тігіп беретінбіз. Сыры кетсе де сыны кетпеген киіз үйінің кереге, уықтарының кезінде ісмер адамның қолынан шыққаны көрініп тұратын. Үзік-бауларының жыртық-жамауын Зейнегүл әжем екеуі жөндейтін. Біздің үйдің алдына да ата-бабамыздан қалған қара-шаңырақ қоңыр үй тігіледі. Міне, осы қос үйдің түндігін түзеп, үзігінің үзілген жібін, туырлығының тесігін жамайтын қос кемпірдің ортақ мұңы да осы киіз үйлердің ертеңі еді.


– Әй, Зейнегүл-ау, мен бала­ларымың ізінен сол қалаларына барғым келмейтіні мына қара­шаңырақтарды қимағандықтан ғой.Тас үйдің тастай төрт қабырғасына телміріп не істеймін. Былтыр қоярда қоймағасын барып көріп едім, тынысым тарылып өліп қала жаздадым.


– Иә, Күмісжан, қазіргінің бал­­дары киіз үй – қарашаңырақтың қа­дірін қайдан түсінсін. Бұларға қарын тойдырып, уақыт өткізсе болды. Мен де мына қарүйді жылда зорға тіккіземін. Тіккен сайын балдар сөйлеп болады, ескі ағаш үй кімге керек деп. Е, заман-ай…


Қос кемпірдің тірлігі кешке таман көлеңкеге құрған өрмек үстінде жалғасады. Бірі-бірінің тоқып жатқан бау-басқұрларының ою-өрнегін салыстырып, қыздарына үйретіп жатқан тұстарын айтып, тағы бір қауқылдасып қалады.


Бір күні Күміс кемпірді қыздары Қызылордаға ақыры біржола алып кеткенде әжем жетімсіреп қалды. Ұршықты да бұрынғыдай иірмейтін, өрмекке де көп отырмайтын болды. Көзден де, жанардан да айырылып, шөгіп бара жатты. Қаладағы Күміс құрбысынан хабар күтетін.


Көп ұзамай қаладан қаралы хабар жетті. Күміс кемпір қайтыс болыпты. Соңғы айтқан сөзі: «Сарыбұлағыма апарып, қарашаңырағымнан шыға­рыңдар. Қуаңның жағасындағы ата-бабам жатқан ескі қорымға жерлеңдер». Қыздары солай істеді де. Қызылордаға тиеп әкеткен қара­шаңырақ – киіз үй кемпір тұрған тамның алдына тігілді. Ауылдың үлкен-кішісі түгел жиналды. Күміс кемпір өзі айтқан бейітке қойылды. Киіз үйі қалаға қайта кеткен жоқ. Мал-жанын асыраймын деп тірнектеп тұрғызған қорасының қасына жиналды…


Көктем келген сайын көршілері Күміс кемпірдің киіз үйін тігіп, іші-сыртын тазалап қояды. Оған қарсы біздің әжеміздің де үйі тігіледі. Әттең, екі үйдің арасын жалғастыратын бұрынғы өрмек жоқ. Қос кемпірдің ісмер қолдарымен салатын өрмектің оюларындай көрінетін өрнекті жол көзден бұл-бұл ұшқан. Өрмекті тоқитын әжелеріміздің де кеткендері қашан.


Күміс кемпірдің киіз үйін көрген сайын: «Әже, сәлем бердік» деп кіріп барғым келеді. Қалқиып тұрған қарашаңырақ барда Күміс кемпір де өлмегендей көрінеді маған. Әне, анау Қуаң жақтан таудай шөмеле түсіп келе жатыр. Күміс кемпір емес пе екен?..


Сәдуақас ЖҰБАТОВ,

Астана қаласы

«Қазалы» газеті

Категория: KAZALINSK-story | Добавил: Neworld-kz (09.07.2017) E
Просмотров: 131 | Теги: ҚОҒАМ ЖӘНЕ ӨМІР | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2017-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.