Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1836]
KAZALINSK-story [36]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [35]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [5]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР

Әкім қазалылықтарды мақтап алды
      



[ҚЫЗЫЛОРДА. 4 желтоқсан. KAZALINSK.kz] - Қазалылықтар кәсіп ашуға ниетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZALINSK.kz.

«Ауданда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда. Бүгінде 4075 кәсіпкер бар. Олар 8852 адамды жұмыспен қамтып отыр. Биыл аудан кәсіпкерлеріне қаржы ұйымдары тарапынан 1,5 млрд. теңгеден астам несие беріліп, қолдау көрсетілді. Нәтижесінде жыл басынан бері жаңадан 484 кәсіпкер тіркеліп, онда 623 адам жұмыспен қамтылды», - деді Мұрат Ергешбаев. 

«РЗА» АҚ ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының II-ші кезеңін іске асыру арқылы мал басын 1200 басқа ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ал «Сыр Маржаны» ЖШС «Ет консервісін өндіру және шұжық шығару цехы» жобасын жүзеге асыру мақсатында Иран Ислам Республикасы инвесторларымен меморандумға қол қойылып, жобаны жүзеге асыру пысықталуда.

Сонымен қатар, биыл кәсіпкерліктің дамуына тікелей ықпал етіп отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша құны 315 млн.теңге құрайтын 12 жоба екінші деңгейлі банк арқылы қаржыландырылды.

Бүгінде аудандағы «Өндірістік аймақта» 4 жоба іске қосылып, 36 жаңа жұмыс орны ашылды.Бұдан бөлек, жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын делдалсыз өткізу мақсатында «Қазалы Керуен» Біріккен Кәсіпорны» ЖШС «Қалааралық автовокзал құрылысы» жобасын іске асыруда. Бүгінде 90 пайызы дайын. Жоба инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, келер жылы пайдалануға беріледі.

Баспасөз конференциясы барысында Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев: «Мен Қазалылық әрбір азаматтың бойынан күш-жігерді байқадым, өмірге құштарлықтарын көрдім, кәсіпкерлікке деген құлшыныстарын сездім, қоғамдық жұмысқа белсенді екенін білдім. Осындай халқы бар ауданда қызмет ету мен үшін абырой. Алдағы уақытта, жағымды жаңалықтарға толы болатынына сенімдімін», - деді.


ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru
Категория: НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР | Добавил: Neworld-kz (04.12.2017) E
Просмотров: 256 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2017-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.