Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1814]
KAZALINSK-story [36]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [35]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [5]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ

Қазалылық өз жылыжайында лимон мен банан өсіреді
      


Фотосурет qazaly.kz сайтынан

[ҚАЗАЛЫ. 30 наурыз. KAZALINSK.kz] - Қазалы қаласындағы жылыжай өсірумен айналысатын Нұрбек Кешубайдың өзі өсірген қияры пісіп, ауызға түсті деген жаңалықты есті­генде таңқалысымды жасыра алмадым.

ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru

Жылыжайға кірген бойда көзіміз арнайы ыдыс­тарға отырғызылған гүлдің көшетте­ріне түсті. Гүлдің сан түрінен бөлек мұнда, лимон, құрма, банан өсімдіктерінің көшеттері де бар екен. Нұрбектің айтуынша, қияр­ды бала-шаға жеу үшін ғана егіпті. Арнайы базарға шығарып сату ойында болмапты. Негізі 2013 жылдан бері гүл көшеттерін өсіріп сатумен айналысады екен. Біз барғанымызда піскен қиярлар жиналып алыныпты. Ал, біз көрген түйнектер 4-5 күннің ішінде пісетін көрінеді.

БІЗДІ FACEBOOKВКОНТАКТЕ ЖӘНЕ TWITTER ЖЕЛІРЕРІНДЕ ОҚЫҢЫЗДАР!

Ауласында үш бірдей жылы­жайы бар Нұрбек Нұр­дәулет­ұлы бала кезінен шар­бақтағы шағын жерге бақша егіп, жеміс-жидек­тердің түр-түрін өсірген екен. «Әке көр­ген оқ жонар» демекші, бұл іске оның әкесі бала кезден  бау­лыпты. Қолы қалт еткенде бақша ішінен табылатын ол көкөністерге баппен қарайды.



Алғашында үй ауласынан бұрыннан бар бақша орнына көлемі 45х10 метр етіп жылы­жайдың құрылысын бастап, қияр егіп көреді. Көкөніс жақсы өнім беруі үшін жылыжай іші жылы әрі жарық болуы тиіс. Сондықтан жылыжайға жылу жүйелерін тартып, арнайы көмірмен жылытатын пештер орнатады. Күннің орнын басатын жарық шамдарын тартып, топырақ құнарлы болуы үшін көң төгеді. Осылайша еткен еңбегі еш кетпей жылыжайдағы қиярлар мол өнім бере бастады. Оны аудан орталығындағы базарға өткізіп, халықтың сұранысына сай сатып отырды. Көкөністермен қатар жылыжай ішіне аула гүлдерін де өсіріп, тәжірибе жинақтай бас­тайды.

Баладай бапты қажет ете­тін гүл өсіру машақаты көп жұмыс. Алдымен көзге әрең көрінетін гүлдердің тұқымын арнайы ыдысқа егеді. Бірнеше күннен кейін бүршік атып шыққан жас өскіндерді жеке пластик қалбырға көшіріп, орналастырады. Мұнда гүлдер­дің «Петуня», «Черновка», «Бар­хатций» және басқа түрлі сорт­тар таңдап алыныпты.

Гүл егу ақпан айында бас­талатын бол­ған соң суықта жылыжай температурасын бірқалыпты ұстап, өнімді тоңдырып алмау үлкен еңбекті қажет етеді. Онан бөлек гүл бой алып кетуі үшін күннің энергиясы көп қажет. Күннің көзі болмаған жағдайда арнайы лампа қосуға тура келеді. Уақытылы жылы сумен суару, тыңайтқыш беру секілді көзге көрінбейтін, күтіп-баптау тіршілігінің аз емес екенін ескеріп, жұмыссыз жүрген төрт азаматпен арнайы келісіп, бірге жұмыс істеп жатқан жайы бар.



Жылыжайда жан-жағына жұпар иіс шашатын гиацинт гүлі өсіп тұрғанын байқа­дық. Тұқымы Голландиядан алды­рылған хош иісті гүл алда келе жатқан халықаралық әйел­дер мерекесіне орай арнайы егіліпті. Сонымен қатар жылыжайда баклажан, болгар бұрышы, қырыққабат сияқты түрлі көкөністің көшеттері тұқымнан отырғызылады. Күн жылынғанда ауласына, сырт жерге бақша егушілер әрбір түйірін ақшасына сатып алады. Жеке кәсіп­кердің ай­туын­ша, ауда­ны­мыздағы бақша егуші­лердің жартысынан көбі жылыжайда өскен көшет­тен сатып алатын көрінеді.

– Таңның атысы, күннің батысы тынымсыз еңбек етіп жатқан жұмыстың жемісі – жайқалған гүлдерімізді көргенде балаша қуанамыз. Аудандағы мекеме-кәсіпорын­дар мен жеке кәсіпкерлер, тағы басқа да тұрғындардың сұранысына орай ауласына гүл көшеттерін отырғызамыз. Біздің гүліміз өзге өңірлерден әкелінетін гүлдерден бір мысқал да кем емес. Керісінше біздің табиғатымызға өте бейім келеді, – дейді Нұрбек Нұрдәулетұлы.

Жылыжай маманы Нұрбек өз ісінің на­ғыз шеберіне айнал­ған. Мұн­дағы жайқалып өскен әрбір өсімдіктің тынымсыз еңбектің нәтижесі екені даусыз.

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ.
Суретті түсірген автор
«Қазалы» газеті

Материалдарды қолдану кезінде міндетті түрде KAZALINSK.kz сайтына гиперссылка болу керек.
Категория: НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ | Добавил: Neworld-kz (30.03.2017) E
Просмотров: 710 | Теги: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ - | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2017-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.