Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1862]
KAZALINSK-story [37]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [37]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [6]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР

Ниеттеріңіз үшін ризамын - әкім алғашқы жаңа жылдық құттықтауын жолдады
      



[ӘЙТЕКЕ БИ. 1 қантар. KAZALINSK.kz] - Мұрат Ергешбаев әкім лауазымындағы алғашқы жаңа жылдық құттықтауын қазалылықтарға жолдады, деп хабарлайды KAZALINSK.kz

Оның айтуынша, өткен жыл ауданымыз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен толайым табыстың кезеңі болды деп айтуға болады. 

«Экономикада еңселі биіктерді еңсердік. Нақтырақ айтсақ, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі артты. Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде мал және егін шаруашылықтарында жемісті жұмыс жүрді», - деп келтірген баспасөз қызметі таратқан әкімнің жолдауында. 

Мұрат Ергешбаев айтуынша, апатты мектептер мәселесі толық шешілді. 5 мектеп, 1 ауылдық клуб, 1 аудандық аурухана пайдалануға берілді. 1 спорт кешені, 1 мектеп пен «Әлсейіт» өткеліндегі темірбетон көпірінің құрылысы басталды. 

«Аудан халқының 50 пайызын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қол жеткізіп, үздіксіз ауыз су жүйесіне қостық. Жол жөндеу, инженерлік-инфрақұрылым бағытында атқарылған жұмыстар да нәтижелі болды. Қазалының бұл табыстарында әрқайсыңыздың жеке үлестеріңіз бар. Сондықтан баршаңызға жасампаз еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін», - дейді ол.

«Жаңа жылды қашанда алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жағымды жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат-міндеттерімізді белгілейтін Үміт, Сенім мерекесі ретінде асыға күтеміз. Өткен жылға өкпе жоқ, ал келер жылдан күтер үмiтiмiз де, тiлер тiлегiмiз де жетерлiк. Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашан да берік, туы биік болсын! Қасиетті Қазалы елінің құты мен ырзығы арта бергей! Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты жерлестер!», - деп құттықтады әкім.

ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru
Категория: НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР | Добавил: Neworld-kz (01.01.2018) E
Просмотров: 100 | Теги: БИЛІК ЖӘНЕ САЯСАТ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2018-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.