Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1885]
KAZALINSK-story [37]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [37]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [6]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ

Сараман-Қоса мұнарасының жағайып аңыздары
      



[ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ. 20 қантар. KAZALINSK.kz] - Ел аузында жүрген өзіндік аңызы бар орынның бірі Кәукей ауылының тұсындағы 2 шақырым жерде орналасқан Сараман-Қоса мұнарасы.

БІЗДІ FACEBOOK ЖӘНЕ ВКОНТАКТЕ ЖЕЛІРЕРІНДЕ ОҚЫҢЫЗДАР!

Қазіргі таңда ол ескерткіш республикалық санаттағы архитектуралық ескерткіш болып табылады. Сараман мұнарасы ХVI-ХVII ғасырларда бой көтерген. Мұнараның төбе жағында үш қарауыл тесiгi бар, аузы оңтүстiк шығысқа қараған, екi бөлмелi, iшiнен жоғарыға айналып көтерiлетiн баспалдағы бар.

Сараман-Қоса туралы ел iшiнде әр түрлi аңыздар бар. Бiр деректе: Жент қаласын билеген ханның баласы Сараман мен жарлы жiгiт Қосай дос болыпты. Екi дос жер көрiп, ел тану үшiн ханнан рұқсат алып, Қуаң мен Сырдариядан өтiп, арқаға қарай жылжиды. Бiр күнi Тасбұлақ деген шағын таудан ағатын Талдысай өзенiнiң жағасындағы ауылда үлкен қыз ұзату тойына тап болады. Бесiкте айттырған байдың баласына ұзатылғалы жатқан қыз Сараманға көз қиығын тастап, бiр-бiрiмен үнсiз ұғысып, оңашада тiлдесiп, қашуға бел буады... Сараман мен Қосай аттары болдырғанша шауып, түн жүрiп, күндiз демалып, алты күн дегенде Сырға құлайды. Сағырдан аттарын жалдап өтiп, Қуаңға жетiп қонады.

Ертеңiне қуғыншыларды қазiргi ескерткiш тұрған төбеге жете бергенде көредi. Өйткенi, тұрақтарын бiлсе, әскер әкелер де екi жақ соғысар, егер осы қуған бетiмен қалаға кiрсе өздерi шығынға ұшырар.

«Бұлардың қанын басқаларға жүктегенше, өзiмiз болайық. Мен алдын бөгейiн, Қосай қызды алып Қызылқұмды бетке алыңдар. Мен тiрi қалсам, сендердi табармын» – дейдi. Сонда Қосай: «Екеуiңнiң садағаң кетпесем, менiң достығым қайда?! Жол менiкi, кiдiрмеңдер» – дейдi. Бiрақ Сараман көнбейдi.

Қыздың алты ағасы жиырма жiгiтiмен күшi басым болды. Жетi адам мұның жолын тұсап, ақыры Сараман қолға түседi. Қыз бен Қосай ұзай алмай жүредi. Төбенiң басына шығып қараған Қосай шайқастың бiтпесiн бiлiп, қызға: «Осы бетiңмен қаша бер. Тiрi болсаң ұмытпағайсың. Жаңағы шайқас болған төбенiң басында Жент деген қала бар. Сараманның елi сол» – дегенді жеткізеді. Қыз: «Өзiм қара жамылдым, елiне не бетiммен барамын?» – деп ойлайды. Қуғыншыларға Қосай қарсы шабады. Күшi басым қарсыластар оның да, қыздың да басын қанжығаға байлайды. …Хан жарлығымен әрқайсысын өзiнiң өлген жерiне жерлейдi. Кiрпiш бастырып, күйдiрiп, мұнара салады.

Екінші бір аңызда бұл ескерткiш қос ғашық Сараман мен Қосаға қойылған делiнедi. Сараман атақты байдың жалғыз ұлы екен. Әкесi жалғыз ұлын алақанында аялап, не керек етсе, соны тауып бередi. Байда жүйрiк те, жорға да, дүние де, керек десе алтындаған ер де, күмiстеген ат әбзел де болған.

Сараман байлықтың арқасында жастай ерлiк жасап, есейе келе жылқышылармен бiрге жылқы күзетiп, үйде де, түзде де болып бес аспап болып өседi. Жылқышылардан өлең-жыр, соғыс өнерiн, күрестi, найзаласу, қылыштасу әдiстерiн қызыға үйренедi. Домбыра тартып, ән салады. Өсе келе елiне сүйкiмдi сегiз қырлы азамат болады. Той-думаннан қалмай, күрессе жығып, садақ тартса алтын табақтағы жылтылдап тұрған алтын теңгенi көздеп атып түсiретiн болған.  Әкесi баласына құда түсiп қыз айттырғысы келедi. Бiрақ бала «Өзiм қалағанымды алайын, Сiз маған ренжiмеңiз», – дейдi. Жалғыз баласының айтқанын қылуға уәде бередi. Сараман жылқы күзетiнде жүргенде көршi ауылдың жылқышыларымен кездесiп, достасады. Жылқышыларды қонақ қылып, жылқыдан қалаған жүйрiк жорғасын сыйлайды. Ол ауылдың адамдарына Сараман ерекше, бөлек туған азамат болып көрiнедi.

Күндердiң күнiнде сол ауылдың жылқышы жiгiттерi Сараманға бiр сыр айтады: Бiздiң елде атақты бiр бай бар, оның он ұл, жалғыз Қоса деген сұлу, әрi ақылды қызы бар. Ол қыз да болса тап сенен айнымайды. Серiлiгi де, өткiрлiгi де өзіңнен артпаса қалыспайды. Көркi көргеннiң көзiн арбайды, сөйлесе сөзден адастырады, ерек болып ер жеткен өнерге келсе, серiлiк таластырады, осындай қыз бар дейдi. Сараман жiгiттердiң айтуымен Қосамен танысады. Ол да кейде жылқы күзетуге келетiн болады. Екеуi ойда да, тойда да тiл табысып, көңiлдерi өсiп, дәуiр сүредi. 

Қосаның ағалары өте қатал, қызғаншақ, сықпар-сараң адамдар болады. Сараман қанша байлығын ұсынса да, тоң мойын ағалары қызды аттастырған жерiне бермей тынбайтын сыңай бiлдiредi. Бiр күнi Сараман мұны әкесiне айтады. Әкесi барып құда түсу жайын қозғағанда Қосаны әлдеқашан бiреуге құдаласып берiп қойдық деп бет бақтырмай әкесiн құр қайтарып жiбередi. Сараманның көңiлi жабығып жүргенiн байқаған сергек сезiмдi, ақылды қыз бiр күнi Сараманға оңаша кездесуінде: «Бiз екеумiз бұдан да жиiрек кездесiп, керек десе тойларға бiрге барып, бiрге жылқы күзетiп, қызық кезеңді бастан өткiзейiк. Мен сен үшiн жаралған жанмын. Осы жолда мен атқан оқ, шапқан қылыштан да сескенбеймiн. Қайда жүр десең де сонда барамын. Мен аттастырған жерiме бармаймын. Өлгенше сенiмен бiрге ғұмыр сүремiн, мен сенi сүйемiн, сөзiмде тұрамын», – дейдi. Ақтарыла сыр ашып, сөзiн сертке балап түйiндейдi. Сараман бұған риза болып, бұлт артынан шыққан күндей жарқырап, жайнап сала бередi. 

Көп ұзамай: «Бүгiн кеткелi жатырмын. Менi тез құтқарып қал» деген қыздан жылқы күзетiп жүрген Сараманға хабар жетедi. Сараман қару-жарағын асынып, бiрден Қосаның аулына тартады. Күн батар алдында қыз да белдеудегi бiр атты мiне Сараманды көрiп шаба жөнеледi. Екеуi табысып, елге қарай қашады. Ауыл адамдары бiлiп қалып, аттанды салады. Бiраз жерге келгенде қыздың астындағы аты болдырып қалады. Сараман Қосаға қарап: – Анау төбеден ассаң арғы жағы бiздiң ел, мен жауды iрке тұрамын, маған қарама кете бер», – деген тілегін білдіреді. Қоса жаман атпен төбеге қарай кетедi.

Сараман артынан келген көп адаммен жалғыз өзi садағын тартып, қаша ұрыс салады. Садақ оғы таусылып, найзамен шайқасып жүргенiнде топтың ортасына түсiп қалады. Дәлдеп салған бiреудiң найзасы көк желкеден тиiп, жан тапсырады. Осы кезде қыз ағасының үлкенi «Қоса әне кетiп барады, жеткендерiң оны да өлтiрiңдер» деп айқай салады. Аты жүйрiгi келiп, қыздың жауырынан найзаны атады. Күн ұясына қиялап батуымен бiрге қыршын Қоса да бұл өмiрден кетедi.

Сараманның әкесi барлық жылқының құйрық жалын күзедi. Мыңдаған нарды саудырып, сүтiн астауға құйдырып, саз топырақты илетiп, жылқының күзеген жал-құйрығын қиып, араластырып, кірпiш бастырып, оны күйдiрiп, шеберлерге осы мұнараны ескерткiш етiп жалғыз баласына арнап салдырады.

Сараман-Қоса аңызы осылай аяқталады. Бұл мұнараны халық кейiн Сараман-Қоса деп атап кеткен. Сараманның арғы жағында Қоса өлген жерде де мола салынып ел жайлаған. Ол Сараманнан 3-4 шақырымдай әрi қашықтықта орналасқан. 

 Есет ТАБЫНБАЕВ.
«Қазалы» газеті

ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru
Категория: ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ | Добавил: Neworld-kz (20.01.2018) E
Просмотров: 195 | Теги: ТАРИХ ЖӘНЕ АДАМДАР | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2018-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.