Меню сайта
РУБРИКА|АЙДАР
НОВОСТИ|ЖАҢАЛЫҚТАР [1814]
KAZALINSK-story [36]
Истории, рассказы, статьи о крае и городе
НАШИ ЛЮДИ|БІЗДІҢ АЗАМАТ [35]
О выходцах Казалинского района|Қазалы ауданынан шыққан жандар туралы
ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ [5]
Памятники архитектуры, истории края
ВСПОМНИТЬ ВСЕ|ӨШКЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ [20]
Эксклюзивная акция "Вспомнить все", посвященная 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
АКТУАЛЬНОЕ ИНТЕРВЬЮ|ӨЗЕКТІ ИНТЕРВЬЮ [6]
Актуальные интервью с знаменитыми и интересными людьми Казалинска|Қазалының қызықты және әйгілі адамдардарымен сұбхат
БИБЛИОТЕКА|КІТАПХАНА [7]
Проза и поэзия казалинцев|Қазалықтардың поэзиясы және прозасы
НАРОДНАЯ ТРИБУНА|ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ [6]
Письма читателей | Оқырмандардың хаттары
ФОТОРЕПОРТАЖ [12]
KAZALINSK 150 [3]
Специальный проект, посвященный 150-летию Казалинска Қазалының 150-жылдығына арналған жоба
ИНТЕРЕСНОЕ
ПРАЗДНИКИ СЕГОДНЯ
Праздники Казахстана
КУРСЫ ВАЛЮТ
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
АУА РАЙЫ|ПОГОДА
АУА РАЙЫ| ПОГОДА
АФИША
Сегодня на экранах
ФОТОАЛЬБОМ
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
ПУБЛИКАЦИИ
Главная » Статьи » ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ

Жаңкожа кесенесі қараусыз қалды
      


Фотосурет qazaly.kz сайтынан


[ӘЙТЕКЕ БИ. 5 шілде. KAZALINSK.kz] - Әйтеке би тұрғыны Кемал Көпжасар Жаңкожа кесенесінің қирап жатқан жерлерің атап көрсетті, деп хабарлайды KAZALINSK.kz.


ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ОНДА БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ!
kazalinsk-kz@mail.ru

«Бірде жақын араласатын ағайындарымыз бас қосқан жерде Жанқожа батыр кесенесінің жағдайы кетіп, қараусыз қалғаны туралы әңгімені құлағым шалды. «Мың рет естігенше, бір рет көр» деген. Ертеңіне өз көзіммен көрейінші деген ниетпен сәулетті ескерткіш басында болдым. Осыдан тура ширек ғасыр бұрын салынған кесенені жұрт қадір тұтатыны рас. Тіпті, жас шаңырақ иелері де күн құрғатпай баба басына барып құран бағыштайды. Әрине, өмірден өткен бабаларымызға құран оқу құптарлық іс. Бірақ, барған жастардың кесене басын ластап, бөтелкелерін, артық заттарын тастап кетуі өте қынжылтарлық жайт. Көлікпен шерулетіп жетіп, құран оқытып, болашақтарына тілек тілеушілердің көңіл көтеретін жерге емес, киелі орынға барғандарын ұмытпаса деген ойға келдік», - деп жазады Кемал Көпжасар «Қазалы» газетінің бетіне шыққан өз мақаласында.


БІЗДІ FACEBOOKВКОНТАКТЕ ЖӘНЕ TWITTER ЖЕЛІРЕРІНДЕ ОҚЫҢЫЗДАР!


Әйтеке би кентінің тұрғынына кесене іргесіндегі мәрмар тастағы «Қазақстан Республикасы, Жанқожа батыр кесенесі, 1992 жыл. Ескерткіш мемлекет қорғауында» деген жазу көзіне түсті. Алайда кесененің бүгінгі жағдайына көңілі толмады. Бұған қарап аудандағы ескерткіштер дұрыс қорғалмайды-ау деген ойға келдік, дейді ол. Келесі кезекте көргені, егілген ағаштардың көбі қураған, себебі олар қараусыз қалған, түптері әктелмеген, арықтары көміліп қалыпты. Су екі бастан шықпайды. Арасын жабайы арамшөптер басып кеткен.




«Кесене басына орнатылған ішкі, сыртқы жарықшамдары істен шыққандықтан, жанбайды. Соның кесірінен кейбір имандылықтан жұрдай жандар кесененің садаға салынатын сейфін бұзып, ақшасын тонап кеткенін естігенде жағамызды ұстадық. Баба басындағы шырақшы Әбдіқалық Өмірбаевпен әңгімелескенімізде сейф ұрланғаннан кейін, құзырлы мекеме басшылары келіп, бейне камера орнатып береміз депті. Өкінішке орай айтылған сөз жерде қалғанға ұқсайды. Садақа жәшігі де бұрынғыдай емес, қалай болса солай сапасыз салыныпты. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанса, сейф шыдас бермейтін көрінеді», - дейді ол.


Кіреберістегі алаң жұтаң­данып, бардюрлер ақталмаған, арамшөптен көрінбейді. Қасиетті орынға тәу етушілер тазалық сақтамайтын болуы керек. Шағын жәшікшелер құтыларға толып тұр. Сондықтан қоқыс контейнері қажет-ақ.


«Сырдың ержүрек қолбасшысы, көзінің тірісінде әулие атанған киелі баба құрметіне қойылған кесене кезінде ел ағаларының қолдауымен, мекемелердің атсалысуымен тұрғызылғанын баршамыз білеміз. Оған асарлатудың нәтижесінде 20 миллион ақша да жұмсалған. Бірақ, бүгінгі жағдайы көңіл қынжылтты. Есімі мақтанышқа айналған батыр баба кесенесінің күтімін құзіретті орындар назарға алса нұр үстіне нұр болар еді», - дейді Кемал Көпжасар.

Категория: ЗАСТЫВШАЯ ИСТОРИЯ | Добавил: Neworld-kz (05.07.2017) E
Просмотров: 328 | Теги: СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДІН | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
ВХОД|КІРУ
ПОИСК|ІЗДЕУ
ВИДЕО
ЧАТ
500
ФОРУМ
СОҢҒЫ КОММЕНТАРИЙ
жездем Жандаулет кокем отырго


Автор и владелец фото Николай Гребнев. Фото сделано в 2013 году 9 мая в городе Казалинске. На фото С...

РУБРИКИ
САЙТ ЖИВЕТ:
СПЕЦПРОЕКТЫ
 
 
Copyright KAZALINSK.kz © 2017-2011. При использовании материалов, гиперссылка на сайт обязательна.